Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8, 92 теңгеге арзандады.
1 доллар 462, 91 теңге болды. Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 462, 35 теңге, сатып алу – 467, 13 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 462,17 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 467,11 теңге.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады