Қазақстанда доллар бағамы тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 4,94 теңгеге арзандап, орташа есеппен 501,31 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com
Ұлттық банк 12 ақпанға белгіленген ресми бағамды бір доллар үшін 506,43 теңге деп бекітті. Сонымен қатар Ресей рублінің орташа бағамы 5,28 теңге, ал еуро 522,43 теңге деңгейінде қалыптасты.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 506 теңгеден сатылып, 502 теңгеден сатып алынып жатыр. Еуро бағамы 520-525 теңге аралығында өзгеріп отыр.
Астана қаласында долларды 507 теңгеден сатып алуға болады, ал сатып алу бағамы 501 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 519 теңгеден сатып алынып жатыр.
Қазір Ресей рублі ақша айырбастау орындарында 5,24-5,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салсақ, сарапшылар осыған дейін доллар бағамын 550-560 теңгеге дейін өседі деп болжаған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан