Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуінің жүрегін жаулайтын қылықты келіншек": Мұхамеджан Тазабеков қызын ұзатты

Мұхамеджан Тазабеков қызын ұзатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Leyla life бағдарламасына сілтеме жасап. 

Күйеуінің жүрегін жаулайтын қылықты келіншек

Белгілі айтыскер Мұхамеджан Тазабеков жақын арада 18 жасқа толған қызын ұзатқан. Ол перзентінің жар таңдауына әсер еткенін жасырмады. Дегенмен айттырып келген оншақты отбасының ішінен қызы бір отбасыны жөн көріпті. 

"Қызым мектеп бітіргеннен кейін мен араласатын ортадан ондаған оотбасы "Қызыңыз бойжетіпті, ұлымызды таныстырсақ, сөз салсақ, алдынан өтсек" деген адамдар болды. Мен ешқайсысын жасырған жоқпын, қызыма айттым. Соның ішінен қызымның таңдауы осы отбасына түсті. Мен қызым дүниеге келгеннен оның ұзатылуына өзімді дайындаған адаммын. Қыз деген жат жұрттық. Оның барған жерде бағы ашылса, маған одан асқан абырой жоқ", - дейді Мұхамеджан Тазабеков.

Сонымен қатар ол қызына үлгі бола алғанын, оған әкелік құрмет көрсеткенін жеткізген. Артынша айтыскер қыз өсіріп отырған әкелерге ақыл айтып, кеңес берді. Ол қыздың болашағына әкенің қаншалықты ықпал ететінін түсіндірген 

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" дейді. Әке күйеудің емес, еркектің алғашқы тұлғасымен қызын отбасында таныстыру керек. Қыздың еркелігін паш ететін адам бірінші әкесі болуы керек. Әкесіне еркелеп өскен қыздан күйеуінің жүрегін жаулайтын қылықты келіншек шығады", - дейді Мұхамеджан Тазабеков. 

Талқылау