Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Мүкей бірнеше рет ЭКО жасатқаны туралы ашық айтты

Айгүл Мүкей балаларын ЭКО арқылы дүниеге әкелгенін ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тележүргізуші репортаж түсіріп жүріп, осы саланың негізін қалаған Салтанат Байқошқаровамен танысқан. 

"2000 жылдары ЭКО туралы және медицинаның осы саласының негізін қалаған Салтанат Байқошқарова туралы репортаждар түсіріп жүрдім. Түсіре жүріп тамсанатынмын. Ол туралы көп ойладым, армандадым. Көп рет жасаттым, ақырында мақсатыма жеттім", - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Айта кетейік, Айгүл Мүкейдің үш баласы бар. Ол былтыр кенжесін дүниеге әкелген еді. 



40 жастан асқанына қарамастан, көрермендер Мүкейдің сұлулығына тамсанады. Тіпті, оны "пластикалық ота жасатқан" деп ойлайтындар баршылық екен. 

"Маған "сіз пластикалық ота жасатқансыз" деп жазады. Бірақ ештеңе жасатпадым. 
Кейін әпкем қазір қыздардың ерінді, мұрынды, кеудені өзгертетінін айтты. Сондықтан мен аса күтім көрген әйел емеспін, сіз әлі ондайларды көрмегенсіз. Менікі қайда", - деді Мүкей.

Талқылау