Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көп өмір сүріп қойдым: 104 жастағы ғалым өлу үшін Швейцарияға аттанды

Аустралиялық 104 жастағы ғалым Дэвид Гудолл үйімен қоштасып, өмірімен қош айтысу үшін ғаламның екінші бетіне жол тартты. Танымал эколог пен ботаниктің ешқандай дерті жоқ, тек өзі ажалынан бұрын өлгісі келеді. Ол бара-бара айналадағыларға тәуелді болып қалудан қорқады екен.

Көп өмір сүріп қойдым 104 жастағы ғалым өлу үшін Швейцарияға аттанды

Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Осыншалықты егде жасқа жеткенім өкінішті”, – деді Гудолл аустралиялық телерадио компаниясына берген сұхбатында.

“Мен бақытты емеспін, өлгім келеді. Ол соншалықты үлкен қасірет емес, бірақ адамдар менің өлуіме мұрша бермей жатыр”, – дейді ғалым.

Көп өмір сүріп қойдым 104 жастағы ғалым өлу үшін Швейцарияға аттанды

Суицид Аустралияның бір ғана штатында рұқсат етілген. Оның өзі – адам жазылмайтын дертке шалдыққан жағдайда ғана рұқсат. Басқа штаттарда дәрігердің көмегіне жүгіну арқылы суицид жасауға тыйым салынған.

Қазіргі таңда Швейцариядағы арнайы клиникалардың бірі Гудолланы күтіп отыр. Алайда қарт өлу үшін туған жеріне тастап баратынына өкінеді.

Тағы оқыңыз: 

Көліктің есігін ашуды үйреніп алған арыстан туристердің зәре-құтын қашырды (видео)

Қырғызстанда бес жасар бала салмағы үш тонна болатын көлікті 34 метрге дейін сүйреді

Аю өзімен селфи жасамақ болған такси жүргізушісін өлтіріп тастады

2018 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамал

 

Талқылау