Қырғызстанда бес жасар бала салмағы үш тонна болатын көлікті 34 метрге дейін сүйреді

Қырғызстан астанасы Бішкекте бес жасар бала республика үшін рекорд орнатты. Ол салмағы үш тонна болатын көлікті 34 метрге дейін сүйреді.

Қырғызстанда бес жасар бала салмағы үш тонна болатын көлікті 34 метрге дейін сүйреді

Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Таңғаларлық рекорд орнатқан бүлдіршіннің тәлімгері танымал палуан Нұрлан Алішеров екен.

«Бұл өте өнерлі бала. Біз осы күн үшін алты ай дайындалдық. Қазіргі уақытта баланы Америкаға жіберіп, сол жерде өнер үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, оның қабілетін одан әрі дамытып, көрсету керек», – деді Алішеров.

Кішкентай чемпионның есімін жаттықтырушысы құпия сақтап қалды. Ал рекод орнатқан кезде бала арнайы бетперде киіп шыққан. Себебі ата-анасы ұлын жарнамалағысы келмеген.

Алішеровтың айтуынша, баланы «Нұрқырғыз» (Қырғыз нұры) деп атайды. Машықтырушы шәкіртімен бірге жаңа нөмірлер дайындап жатқандарын да айта кетті.

Тағы оқыңыз: 

Тәрелкеден секіріп кеткен балық мейрамхана қонақтарының зәресін алды (видео)

Шоколад қосылған печенье: Денесінде үлкен қалмен туған қыз елдің мазағына қалай төтеп бергенін айтты (фото)

Әлемдегі ең бай адам ақша жұмсауды білмейтінін мойындады

Екі жасар бала анасы мен қарындасын құтқарып, өзі ажал құшты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар