Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адам ақша жұмсауды білмейтінін мойындады

Әлемдегі ең бай адам деп саналатын Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос ақша табуға қарағанда оны қалай жұмсауға болатындығын ойластыру қиын екенін мойындады.

Әлемдегі ең бай адам ақша жұмсауды білмейтінін мойындады

Бұл туралы Business Insider хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Миллиардердің айтуынша, еңбекпен тапқан ақшаңды жұмсау біз ойлағандай, оңай емес.

«Сіз бұл ақшаны мейрамханада екінші кешкі асқа жұмсай алмайсыз», – деп әзілдеді Безос.

Ол қаражат жұмсаудың жалғыз дұрыс шешімі – өте үлкен көлемде бөлінуі тиіс қайта инвестициялау болып табылатынына сенімді. Осылайша ол жыл сайын ғарыш кемесін жасаумен айналысатын Blue Origin компаниясын қаржыландыру үшін шамамен бір миллиард доллар аударып отырады екен.

«Blue Origin компаниясына қатысты нақты мақсатым болып жолым болды. Бұл компанияның жетістіктері бүкіл өркениет үшін өте маңызды деп ойлаймын», – дейді Amazon басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Джефф Безостың байлығы 131 миллиард долларға бағаланып отыр, оның 125 миллиарды Амазонның акциялары.

Тағы оқыңыз: 

Екі жасар бала анасы мен қарындасын құтқарып, өзі ажал құшты

Жұмыссыз әйел байқаусызда 7 мың доллар ақшаны шайпұлға тастап кетті

Қытайда балабақша тәрбиешілері 5 жасар қызға табақ жалатып, мазақ қылған (видео)

Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған

Талқылау