Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз әйел байқаусызда 7 мың доллар ақшаны шайпұлға тастап кетті

Францияда тұрып жатқан ресейлік әйел байқаусызда шайпұлға 7,7 доллар ақша тастап кеткен. Ол швейцариялық дәмханадан небәрі кофе мен бір кесек торт сатып алған.

Жұмыссыз әйел байқаусызда 7 мың доллар ақшаны шайпұлға тастап кетті

Бұл туралы шетелдік Blick басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олеся Шемякова шотты төлеу барысында тапсырыс құнының орнына карта PIN-кодын енгізіп жіберген.

Оқиға биылғы жылдың ақпан айында орын алғанымен, әйел қателігін кеш түсінген.

“Өз көзіме өзім сене алмадым. Ағаттық екені айдан анық қой. Мен бұл ақшаға Францияда бірнеше ай тұра алатын едім”, – дейді Шемякова.

Басылымның хабарлауынша, әйелге банк те, полиция да көмектесе алмаған. Ақырында әйел дәмхана басшылығынан көмек сұраған. Ондағылар алғашқыда ақшаны қайтаруға уәде еткенімен, кейіннен жауап беруден бас тартқан.

Оқиғаның арты дауға ұласқаннан кейін, дәмхана иесінің ағасы ақшаны қайтаруға уәде еткен. Алайда Шемякина бұл мәлімдеменің жалған екеніне сенімді.

“Олар әзірше құтылу үшін солай жасаған шығар. Шу басылған соң, қайта жоқ боп кетеді”, – дейді ресейлік әйел.

Тағы оқыңыз: 

Қытайда балабақша тәрбиешілері 5 жасар қызға табақ жалатып, мазақ қылған (видео)

Тазалықшы дәретханадан құны 330 мың доллар болатын алтын тауып алды

Серфер 24 метрлік толқынды бағындырып, әлемдік рекорд орнатты

Уәдесін орындамақ болған әйел мүгедек сегіз баланы асырап алды (фото)

Талқылау