Қытайда балабақша тәрбиешілері 5 жасар қызға табақ жалатып, мазақ қылған (видео)
Қытайдың Шаньдун провинциясындағы балабақшалардың бірінде бес жасар қызды тамақ таситын жайпақ табақты жалауға мәжбүрлеп, мазақ қылған. Бүлдіршінді қорлаған тәрбиешілер тек осыдан кейін ғана баланы тынығу сағатына жіберген екен.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Видеода көрсетіліп тұрғандай кішкентай қыз патносты жалап тұрғанда тәрбиешілер оның жанында отырып, өзара шүйіркелесіп, күлген.
Кейінірек қорлық көрген 5 жасар қыз бұл оқиға туралы ата-анасы бәріне айтып беріп, тәрбиешілерінің қатыгездігіне шағымданған. Бірақ тәрбиеленушіге табақ жалатқан мұғалімдер балаға қорлық көрсетсе де, балабақшадан қуылмаған екен.
Оларды қызметінде қалдыру туралы шешім қабылдаған балабақша басшылығы мұндай оқиға «бірінші рет» орын алып тұр деген сылтау келтірді.
Сондай-ақ, тәрбиешілер мазақ қылған қыздың ата-аналарына егер бұл балабақша көңілдерінен шықпаса, балаларын басқа жерге ауыстыруды ұсынған.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”