Конор Макгрегор қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды
Ирландиялық файтер, спортшы Конор Макгрегор Дублин жоғарғы сотның шешімімен 2018 жылы орын алған зорлау дерегіне қатысты кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: © Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru
Макгрегор мен оның досы Джеймс Лоуренске таныстары Никита Ли Лаймхинді зорлады деген айып тағылған. Спортшы жыныстық қатынасқа түскенін мойындағанымен, мұның екіжақты келісіммен болғанын айтқан.
Спортшы моральдық өтемақы ретінде 250 мың еуро төлеуге міндеттелді.
Бұған дейін де Макгрегор сексуалды зорлық көрсетті деп айыпталған еді. 2023 жылы спортшыны Ұлттық баскетбол қауымдастығы (НБА) финалдық ойнынан соң Макгрегорға зорлық көрсетті деген айып тағылған. Матч аяқталған соң Денвер полициясына жүгінген бойжеткен өзінің зорланғанын айтқан. Кейін ирландиялық спортшының командасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан