Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілдесінің күйеуін, кейін куәгерді өлтіруге тырысқан жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

Желтоқсанның 4-і қылмыстық істер бойынша маманданған сот Сарыкөл тұрғыны Алексей Кожевниковке үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұрын жедел жәрдем жүргізушісі болған азаматқа 15,5 жылға қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеуге үкім шықты. Ол қызғаныш салдарынан адам өлтірді және кездейсоқ куәгерді өлтіруге тырысты деп айыпталды.

Азамат өз кінәсін мойындамады. Тек қорғандым дейді.

Аталған қылмыс 2019 жылы шілденің 20-да болған. 61 жастағы Алексей Кожевников 49 жастағы Андрей Зайцевті өлтірген. 

Айыптаулар нұсқасы өзгеруде. Кожевниковтың адвокаты оның "Жедел жәрдем" деген жазуы бар Ниваның жанынан кездейсоқ өтіп бара жатқанын айтады. Зайцев өзі шақырып, мәселені анқытамақшы болған. Ал айыптаушы тарап Кожевник пышақпен дайындалып барып, 90 метр жерде құрбанын күткен кейін 20 рет пышақтаған дейді.

Себеп - қызғаныш. Сот анықтамасы бойынша, қылмыскер өзінен 20 жас кіші Зайцевтің әйелі Валентинамен көңілдес болған. Бірақ соңғы уақытта кездесулері сиреген. Осыдан оның күйеуіне өшпенділік пайда болған.

Сол күні таңертең ауыл тұрғыны кездейсоқ куәгер велосипедпен кетіп бара жатады. Кожевниковтың қарсыласын өлтіріп жатқанын көрген. Бірақ оны да Кожевников ішінен пышақтап тастаған. Алайда пышақты жұлып алуға куәгердің дәрмені жеткен. 

 

Талқылау