Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақ үйдегі кездесулер: Нұр-Сұлтанда ұқсас екі қылмыс болды

Нұр-Сұлтандағы қонақ үйлерде болған кездесуде ұқсас екі қылмыс орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші жағдайда жәбірленуші қыз болды. Ол ер адаммен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Кейін олар елордалық қонақ үйлердің бірінде кездесуге келіскен.

"Бөлмеде уақыт өткізіп, қыздың ұйықтағанын күткен соң жаңа танысы оның құны 70 мың теңге тұратын Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.Ұрлыққа күдікті анықталып, ұсталды. Ол 38 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады. Жәбірленушінің телефоны тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - деді полицияда.

Екінші жағдайда қылмыстың құрбаны ер адам болды. Мобильді танысу қосымшасы арқылы ол 54 жастағы әйелмен сөйлесе бастаған. Біраз уақыттан кейін ол ер адамға қонақ үйде уақыт өткізуді ұсынады.

"Бөлмеде олар алкогольдік ішімдіктер ішкен. Ер адамның ішімдік ішкеннен кейін ұйықтап қалуын күткен әйел қосымша арқылы телефонындағы өзінің карточкалық шотына 115 мың теңге аударып, содан кейін қонақүйден кеткен", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ер адам ұрлықты анықтап, полицияға жүгінген. Әйел ұсталды, ол бәрін мойындап, ұрланған ақшаны жәбірленушіге қайтарып берді.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға әйелдің қатысы бар-жоғы анықталуда", - деп атап өтті полицияда.

STAN.KZ
Жұма, 25 Желтоқсан, 2020 11:58
Талқылау