Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаевта халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері 3 миллиард теңге шығын үшін ұсталды

Қонаев қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары 413 жүк көлігін жалған ақпаратпен тіркеп, бюджетке 3 млрд 156 миллион теңге шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Қаржылық мониторинг агенттігі кадрларынан скринделген

Қаржылық мониторинг агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бірлесіп, ХҚКО қызметкерлері тіркеу барысында көлік құралдарының санатына қатысты ақпараттарды жүйеге басқаша жалған етіп енгізгенін анықтады. Осылайша жүк көліктері заңсыз тіркелген. Қазір мән-жайға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

“Тергеу барысында 2022 жылдың наурыз айы мен қыркүйек айларының аралығында Қонаев қаласы "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған ХҚКО қызметкері 413 жүк көлігінің бастапқы тіркеуін жүргізу барысында көлік құралдарының санатына қатысты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізген. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млрд 156 млн теңге көлемінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу алымы түспеген. Аталған азаматқа қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген хабарламада. 


Талқылау