Комменданттық сағат кезінде бір отбасыны түгелдей атып өлтірген: Заңгер істің сотқа жіберілетінін айтты
Қаңтар оқиғалары кезінде кезінде бір отбасының үш бірдей мүшесі өз көлігінде оққа ұшқан еді. Заңгер Ринат Баймолда марқұм Сейітқұловтардың ісі сотқа жіберілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлібек" азық-түлік дүкенінің жанында белгіленген тұлғалар өздерінің өкілеттіктері мен лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын заңды мүдделерін елеулі түрде бұза отырып, Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай отырған көлікке оқ атқан. Алған жарақаттарынан үшеуі де қаза тапты", - деп жазды заңгер өзінің Instagram парақшасында.
- "Тоқтамаған соң, аттық" деп жауап берген": Заңгер қаңтар оқиғасында оққа ұшқан отбасына қатысты тергеудің тұралап қалғанына билікті айыптады
- Таразда сот Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жасөспірімді кінәлі деп таныды
Баймолданың мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты зардап шеккендердің жақын туыстары жәбірленуші деп танылған.
Қайғылы оқиға болған күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Бұл кезде қала аумағында коменданттық сағат енгізілген еді.
Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі – үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепте оқыған.