Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көмектесші дегендей жылайды": Қарағанды облысында екі жасар қыз 8 айдан бері комада жатыр

Екі жасар Аяулым сегіз ай бойы комада жатыр. Анасының айтуынша, қыздың дені сау, бірақ миын оята алмауда.

Бұл жайт Қарағанды облысында. Баланың ата-анасы үмітін үзбейді және денсаулық сақтау министрлігінен мамандарды Мәскеуден Қарағандыға әкелуді сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Шынар Бекмагамбетова кішкентай қызына 8 айдан бері үйінен тамақ дайындап, аурханаға апарып жүр. Өзі тарих пәнінің мұғалімі. Мектепте сабағын қызының күтіміне қарай алу үшін ыңғайлап жасап берген.

"Қызым сап-сау. Тек комада жатыр. Күнде менің бетіме қарап жылайды. Маған бірдеңе істеші дегендей қарайды. Оны көріп күнде жүрегім ауырады", - дейді анасы. 

Аяулым есімді бүлдіршін бір-ақ күнде ұйқысынан оянбай қалған. Оны ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер нақты диагнозын қоя алмай отыр. 

"Қызым бәрін естіп, түсініп, көріп жатыр. Жылайды, ауырғанын сезеді, қолын қимылдатады. Сондықтан оның өмір сүру үміті жоқ деп қарамауын қалаймын", - дейді ана.

Дәрігерлердің айтуынша, құрсақта жатқанда балаға үш вирус әсер еткен болуы мүмкін. Бала өмірге келгенде оны вирустан тазалағанымен, кейін ол миына шапқан. Бұл туралы балалар емханасының орынбасары Нина Григорьевна айтты. 

"Егер бізде үміт болмаса, оны 8 ай бойы қарамайтын едік. Біз үмітті ешқашан үзбейміз", - дейді ол.

Аяулымға мәскеулік дәрігерлер келуге келіскен. Алайда қаражаты қомақты. Шынар Бекмамбетова денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрайды. 

Бұл тұрғыда Аида Балаева министрге жеке өзі хабарлайтынын айтты. 

Талқылау