Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғары қабатта тұрады: Талдықорғанда әйелі мүгедек күйеуін күн сайын арқалап жүреді

Талдықорған қаласының тұрғыны, І топтағы мүгедек Мұрат Конкашев басындағы мәселесін айтты.

Көмек керек: Талдықорғанда әйелі мүгедек күйеуі күн сайын жоғары қабатқа арқалап кіргізуге мәжбүр

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

70 келідегі Мұрат Конкашевті 2-қабатта күн сайын көтеріп кіргізу керек. Ер адам мүгедектер арбасына таңылғалы 3 жыл болды. Отбасы бір жыл бұрын мемлекеттен 5 қабатты үйдің 2-қабатынан пәтер алған. Шенеуніктер, Мұраттың айтуынша, оның денсаулығы туралы біледі, бірақ 1-қабаттан пәтер бермеді. Керісінше баспананың ай сайынғы ақшасын талап ете бастапты.

"Мен жағдайымды айтып, 1-қабаттан үй беруді сұрадым. Осылай қанша уақытта өтті. Күтіңіз деп қана жауап береді", - дейді Мұрат Конкашев.

Қалалық әкімдік Конкашевпен кездесіп, мәселесін шешуге уәде берді. Ал, мүгедек жан қала ішінде жүруге мүмкіндік беретін электронды құралға зәру. Қайырымды жандардан көмек болса екен дейді. 

Талқылау