Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Команданың жеңілісіне мені кінәлады": Сабина Алтынбекова жаттықтырушысымен болған түсінбеушілікті жайып салды

сабина волейболшыФото: Видеодан скриншот

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова жаттықтырушысымен болған жанжалдың себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2014 жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерімен арада болған келіспеушіліктер жайлы журналист Динара Сәтжанға ашық айтты. 

“Жаттықтырушымен жанжалдасып қалғаным рас. Оның маған реніші пен өкпе-назын түсінбедім. Бас бапкерім команданың жеңілгеніне мені кінәлады. ”Ол мүлдем қабілетсіз. Жай ғана сүйкімді қыз. Жанкүйерлердің назары Сабинаға ауғандықтан, команда жеңіліп жатыр” деп айтты. Мен оны жанжал деп түсінбедім, керісінше түсінбеушілік деп түсіндім. Ол менен бірдеңе талап етті, бірақ мен нақты не екенін түсіне алмадым. Әр жаттығудан кейін мен жылап қайтатынмын. Біз қонақ үйде тұрдық, мен жаттықтырушыға телефон соғып: "Командада ойнағым келмейді, қатты шаршадым" деп айттым”, – деді Алтынбекова.



Спортшының сөзінше, одан кейін қатты күйзеліске түскен. Соған қарамастан ол алматылық тәлімгерінің кеңесінің арқасында ойынын жалғастырды. Тәлімгері Сабинаның ұлттық құрамада ойнаудан бас тартуы болашақта оның жолын жабуы мүмкін екенін ескерткен. 

Нәтижесінде Алтынбекова рөлі өзгерсе де кортқа шықты. Ол капитаннан қосалқы құрамға ауыстырылды, тіпті ойын нөмірін де өзгертті.

"Олар маған 20 нөмірін берді, бірақ менікі үнемі 11 болатын. Ол кезде жаңа сан мен үшін сәтсіздік саналды. Бірақ соңында қателескенімді түсіндім. Ол сан маған бақыт әкелді”, – деді спортшы.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 12:29
Талқылау