Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Біздің заманымызда тіршілік ететін қолтырауындар судағы ғана емес, құрлықтағы тіршілікке де бейімделген. Ғалымдар шамамен 3 мың жыл бұрын қолтырауындардың тек құрлықта тіршілік еткенін айтады. Ал ежелгі замандарда өмір сүрген қолтырауындардың ұзындығы 13 метр болып, адам бойынан асқан екен. Stan.kz қолтырауындар туралы қызықты деректерді ұсынады. 

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең үлкен қолтырауын – теңіз қолтырауыны (Crocodylus porosus). Ол Үнтістанда, солтүстік Аустралияда және Фиджи аралдарында мекендейді. Бұл қолтырауынның ұзындығы 7 метрге, ал салмағы 1 тоннаға дейін жетеді. Ұзындығы 5 метр болатын өкілінің салмағы кемінде жарты тоннаны құрайды екен. Алайда аналық қолтырауынның жұмыртқасының көлемі қаздың жұмыртқасынан үлкен емес. 

Ең кішкентай қолтырауын – ергежейлі қолтырауын (Osteolaemus tetraspis). Оның ересегінің ұзындығы 190 сантиметрге әрең жетеді. Ол судан гөрі, құрлықта көп тіршілік етеді. 


Тағы оқыңыз: Пілдер туралы қызықты деректер


«Қолтырауынның көз жасы» тіркесі өтірік ұялу мен өкіну мағынасын білдіреді. Бұл аңыз қолтырауындардың адамдарды жеген кезде жылайтыны туралы түсініктен шыққан. Шындығында, қолтырауындар қоректенген кезде расымен де жылайды. Алайда ол ағзасындағы биологиялық себептерге байланысты. Қолтырауын қоректенген кезде жұтатын ауа ерекше түрде көзжас безінің құрамындағы затпен араласып, көп мөлшерде бөлінетін көбікті «көз жасы» түрінде шығады.

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Қолтырауынның терісі түрлі былғары бұйымдарды жасауға арналған ең жақсы терілердің бірі деп саналады. Өндірісте олардың ішінің терісі ғана қолданылады. Себебі ол – жұмсақ әрі созылғыш. Ал терісінің өзге бөліктері, әсіресе, арқасы, аяғының терісі өте берік әрі қатты болғандықтан, былғары бұйым жасауға жарамсыз. Әлемнің көптеген мәдениетінде қолтырауынның терісі бақуаттылық пен қоғамдағы жоғары дәрежесінің белгісі ретінде саналады. Қолтырауынның терісінен жасалған сөмкенің бағасы 10-20 мың доллар және одан да қымбат болуы мүмкін. Браконьерлер осы мақсатта жыл сайын көптеген қолтырауында өлтіреді. Бірқатар елде табиғатта қолтырауын аулауға тыйым салынған. Ал қолтырауынның терісін алу үшін, оларды арнайы фермаларда өсіреді. 

Кей мәдениетте қолтырауын қасиетті жануар деп саналған. Мысалы, Ежелгі Мысыр. Тіпті, біздің заманымызда да Жаңа Гвинеядағы тайпалардың кейбірінде қолтырауын тотем белгісі болып табылады. Сонымен қатар ерлер терісін қолтырауындікіндей ету үшін, теріні әдейі зақымдайтын ауыр процедурадан өтеді. Мұндай процедурадан кейін олардың терісінде тыртық қалады. Ең қызығы, аустралиялық аборигендер арасындағы кейбір тайпалар қолтырауын аулау бойынша шебер болып саналады. Ал кейбір тайпалар, керісінше, қолтырауын аулауды қасиетті затты қорлау деп біледі. 

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Шағылысу маусымында қолтырауындардың озбырлығы артады. Ал бұл кезең жаңбырлы маусымдармен байланысты. 

Қолтырауынның жақ сүйегінде 24 үшкір тіс бар. Олармен аузына түскен нәрсені ұстап, тістеп тұра алады. Алайда шайнай алмайды. Сондықтан қолтырауындар кішкентай тастарды жиі жұтып қояды. Өз кезегінде тастар асқазанындағы асты ұсақтауға көмектеседі. Бұл тастардың жалпы салмағы 5 келіге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар осы тастар қолтырауынға суда жақсы жүзуге мүмкіндік береді. 

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Қолтырауынның тісі тірлішігінің соңына дейін үнемі жаңарып отырады. Бұл процедура шамамен 100 рет қайталануы мүмкін. 

Қолтырауынның жағын қысу күші өте үлкен. Алайда аузын ашатын бұлшықеттерінің жұмсақтығы сонша, жыртқышқа аузын ашуға мүмкіндік бермеу үшін, бір қолмен ұстап тұрудың өзі жеткілікті. Қолтырауын жақ сүйегін қысу күшін қадағалай алады. Ол үлкен жануарлардың жамбас сүйегін тістеп сындырып жіберіп, сондай-ақ, балаларын ұясынан суға тасиды. Сондай-ақ, қолтырауын құйрығымен де қатты соққы бере алады. 

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Қолтырауынның көзінде үшінші мөлдір қабатты қабақ бар. Ол соның арқасында су астында көре алады. 

Қолтырауындардың ұзақ уақыт бойы аузын ашып жататынын жиі көруге болады. Жыртқыш мұны денесін салқындату үшін жасайды. Мұндай жағдайда ит тілін шығарса, қолтырауын аузын ашып жатады. Сонда артық жылу мен тер деммен бірге шығып кетеді. 

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Қолтырауын жағындағы рецепторлардың арқасында судағы аздаған толқудың өзін сезе алады. Жыртқыштың дәл осы қабілеті болашақ құрбанының қай жерде екенін, тіпті, алыс қашықтықта болса да, анықтауға мүмкіндік береді.  

Қолтырауын бір жылға жуық уақыт тамақсыз тіршілік ете алады. Және бұл жыртқыштардың кейбірінің жасы 100-ге дейін жетеді. 

Қолтырауындарда каннибализм ұғымы бар. Үлкен қолтырауындар кішкентайларын жеп қоя алады. Сонымен қатар ол өзгенің жұмыртқасын немесе жұмыртқаны жаңа жарып шыққан қолтырауындарды да аяусыз жеп қоюы мүмкін. Осылайша, қолтырауындардың ұрпағының 1 пайызы ғана тірі қалады екен. Ал 99 пайызы өз тұқымдастары, құстар мен балықтарға жем болады.

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Қолтырауындар бір-бірімен қанша айқасып, қатты жарақаттанса да, олардың денесінде ешқашан ісік, гангрена пайда болмайды. Ғалымдардың сөзінше, қолтырауындардың қанында бактериялардың көбеюінің алдын алатын антибиотик бар. 

Ерте замандардан бері Қытай тұрғындары қолтырауын етін тағамдық мақсатта пайдаланған. Көбі осы мақсатты аталған жыртқыштарды үйінде ұстап, асыраған. Сонымен қатар қолтырауын күзетуші иттің рөлін де атқарыпты. Оны аулада ұзын шынжырға байлап ұстаған екен. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Өмірінде кездесіп көрмеген: Кедей еркекке ғашық болған миллионер әйел оны түрмеден босатып алды

Ол сүйіктісін босату үшін, кепіл ретінде 2 миллион доллар төледі

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Төбелесте тағы екі жасөспірім пышақ жарақатын алған

Түркістан облысында жас жігіт 15 жастағы қызды алып қашып, зорлап тастаған

Сот жігітті 11 жылға бас бостандығынан айырылды

"Күлкі дегенді ұмыттық. Өзіме келе алмай жүрдім": Нұрлан Еспанов әйелі қатты ауырған күндер туралы

Әнші әйелін емдетуге ақша беріп көмектескен достарына алғыс айтты

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, біреудің үйін тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате
Çàãðóçêà...