Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолтық түгі жұлынбаған: Танымал әнші арудың суреті жұртты шулатты

Танымал әнші арудың суреті желіні жарып, жұртты шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымалдар мен желідегілер Rolling Stone журналының мұқабасындағы сурет таңқалдырған. Холзи ретінде танымал Эшли Франджипани есімді әнші жүні тазаланбаған қолтығымен журналдың алғашқы бетіне шыққан. Арудың суреті жұртты шулатты.

Суретте Холзи екі қолын желкесіне қойып, тазаланбаған қолтығын көрсетіп тұр. Танымал тұлғалар журналдың ерекше көңіл-күй сыйлағанына дән риза. 

"Көптеген басылымдар сияқты қолтығын монтаждап тастамағаны мені қуантты. Әйелдер денесіне түк өспейтін кішкентай бала емес. Керемет мұқаба", "Мына суретте бәрі сондай керемет. Тіпті не айтарымды білмей тұрмын", "Рок жұлдыздың деңгейі", - деп пікір қалдырды танымалдар. 

Талқылауға жұлдыздың тыңдармандары да қосылып, өз пікірлерін жаудырған. Бұл сурет олардың да көңілінен шыққан сыңайылы. Себебі, оқырмандар да жағымды ойларын жеткізген.

"Бәрінен де маған оның қолтығы әдемі болып көрініп тұрғаны ұнады. Менің қолтығым ұятты жерім емес", "Мен қолтық жүнін тазалауға өзімнің 5 минут уақытымды кетірмейтін болдым. Оданда ана ретіндегі қызметімді істемеймін бе", - деп жазды желідегілер.

Талқылау