Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолым болмаса да жүргізе аламын деп мақтанды": Нұр-Сұлтанда көлігімен 3 адамды қағып кеткен әйел туралы жаңа деректер пайда болды

Нұр-Сұлтанда апалы-сіңлілер мен арбадағы 2 жасар баланы көлікті мас күйінде жүргізіп, соғып кеткен әйел туралы жаңа деректер пайда болды. Апаттан аман қалған сіңлісі оқиғадан бірнеше секунд бұрын жүргізуші қолы болмаса да машина жүргізе алатындығымен қалай мақтанғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Евразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

дтп

Сол күні апалы-сіңлілер Алина мен Дильназ серуендеп, үйінен қайтып келе жатқан. Олар кішкентай інісін арбамен итеріп жүрген.

Бір жарым жастағы сәби реанимацияда. Дәрігерлер апалы-сіңлілердің бірінің жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды. Екінші қыз аса ауыр жарақат алмаған.

"Жабық бас сүйек-ми жарақаты, миы шайқалған, омыртқаның кеуде бөлігінің жабық сынуы. Жағдайы ауыр деп бағаланады, реанимация бөлімінде жатыр. Алдағы уақытта жедел емдеу қажет болуы мүмкін", - деді дәрігерлер.

Апаттан қыздардың тағы бір сіңлісі аман қалған. Ол әпкелерінен алшақтау жүрген. Қыз жақындап келе жатқан көлікті көргенде үрейленгеннен ауызынан сөз шықпай қалғанын айтты.

"Ол мақтанды, сонымен қатар бір терезесі ашық болды. Ол былай деді: "Мен қолсыз да жүргізе аламын". Содан кейін оны қауіпсіздік жастығы құтқарды", - дейді қыз.

Зардап шеккендердің тәтесі Гүлжамал Мұхамеджанова рульге мас күйінде қалай отырғанын түсінбейді.

"Неге соншалықты ішу керек? Кішкентай Самирдің екі аяғы да сынған! Ол бар-жоғы бір жарым жаста. Біздің көптен күткен баламыз. Соққан арбасы майысып кеткен. Олар жақын тұрған көліктің астына ұшып кеткен. Құдайға шүкір, автокөліктер арасында қалып қойған жоқ", - деді Гүлжамал Мұхамеджанова.

Бұған дейін Нұр-Cұлтан қаласында мас күйінде көлік жүргізген әйел үш адамды қағып кеткені хабарланды. Зардап шеккендердің арасында кішкентай сәби болған, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті  оның жағдайын бағалаған еді.

Талқылау