Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлікке оқ атып, үйге тас лақтырған": Алматылық келіншек өзіне белгілі спортшының баласы шабуылдағанын айтты

Алматылық келіншек белгілі бапкер Асқар Оразалиновтың ұлының шабуылына ұшырағанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, ол оның көлігіне оқ атып, үйіне тас лақтырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атақты бапкер Асқар Оразалиновтың ұлы Алан Оразалинов та – су полосынан спорт шебері.

Келіншектің айтуынша, Алан Оразалинов оған шабуылдаған.

"16 қазан  сағат 9:00 шамасында Оразалинов менің көлігіме автоматпен оқ атты. Шамамен 15 минут бұрын ол күйеуімнің көлігіне оқ атты. Полиция мұның бәрін тіркеді, бірақ қару әлі тәркіленген жоқ. Ол біздің үйге қоқыс, тас және шыны лақтырды", – деді ол арызында.

Алматылық тұрғын тергеуші жарты жыл ешқандай шара қолданбағанын алға тартады.



Алматы полиция департаменті Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

“Кешенді тергеу шарасы жүргізіліп жатыр, нәтижесінде кінәлі адам жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары сотқа жіберіледі", – деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы құқық қорғаушыларды соққы жыққаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Талқылау