Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлік жүрсе, істен шығады": СҚО-да ауыл тұрғындары тозығы жеткен жолмен жүре алмағандықтан, балаларын интернатта қалдыруға мәжбүр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Вишневка ауылының тұрғындары күн сайын оқушыларды мектепке апарып-келуге мүмкіндік болмағандықтан балаларын интернатқа тастап кетуге мәжбүр. Бұған себеп Павлодар қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан ауылдың қалаға қатынайтын жолының тозығы жеткен. Тұрғындар автобус та, такси де тіпті жеке көлік те жолға жүрсе, істен шығатынын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Вишневка ауылы Петропавлдан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан. Қалаға жақын болғанымен небәрі 5 шақырымды құрайтын жолдың аянышты күйі ауыл тұрғындарының шыдамын тауысқан. Мұнда автобустар жүрмейді, таксилер тапсырыстан бас тартады немесе екі есе ақы алады.

"Бұл өте күрделі мәселе. Барлығы бұл жолмен жүрген көліктерін жөндеуге тастаған. Әрине, ұят. Қала маңында тұрып алып жолымыз жоқ. Жолдың ібден тозығы жетіп, жүретін жері қалмаған", – деді жергілікті тұрғын Наталья Ахтырская.

Тұрғындардың айтуынша мектеп оқушылары көрші ауылдағы интернатта тұруға мәжбүр, өйткені мұндай жолдармен күн сайын білім ошағына балаларды апару мүмкін емес. Оның үстіне маусымаралық уақытта сазды жол шынымен қауіпті болады дейді жергілікті тұрғындар.

"Бізге шағын автобус керек. Біздің мектеп-интернатта мектеп оқушылары тұрады. Немерем демікпемен ауырады. Ал біз оны қадағалап, дер кезінде дәрі-дәрмек беруіміз керек", – деп шағымданды Вишневка тұрғыны Зинаида Рунг

Ал аудан әкімдігі бұл жолдың төрт жыл бұрын жартылай жөндеуден өткенін алға тартады. Сол үшін күрделі жөндеу әзірге жоспарланбаған екен.

"Қазір жөндеу мәселесі көтерілмеген. Бірақ алдағы уақытта қаржыландыру қарастырылғандықтан жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жолға профильдеу жұмыстарын жүргіземіз. Ол жолдардағы ойықтарды жою үшін қиыршық тастарды толтырып, тегістеу арқылы іске асады", – деді Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Теміржан Елжасов.

Тұрғындар мұның тек бір ғана ауыл емес, жалпы облыстағы жеті мың жергілікті жолдың төрттен бірі күрделі жөндеуді қажет ететінін алға тартты.

Талқылау