Көлік жүргізуді енді үйде отырып, интернет арқылы үйренуге болады
27 қарашадан бастап автомектептерде интернет арқылы оқуға болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.
«Мұндай мүмкіндікке A, B және A1, B1 санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келетін жүргізушілерге үміткерлер ие болады», – делінген ведомствоның Facebook-тегі хабарламасында.
Жүргізушілерді оқытуға арналған жаңа оқыту жүйесі енгізілді, онда қашықтан оқыту технологиясы қолданыла отырып, дәстүрлі түрде өткізіледі.
«Жүргізушілерді дайындаумен айналысатын ұйымдар өздерінің жеке білім беру сайттары арқылы сабақты видеосабақтар, скайп-сабақтар және басқа да интерактивті форманың көмегімен теорияны онлайн оқыта алады.
Қашықтан оқытудың үлесі 80%-дан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, көлік жүргізуден практикалық сабақтардан да өтуі қажет», – делінген хабарламада.
Автомектептер теориядан емтихандарды да онлайн-режимде қабылдайды. Теориялық және практикалық емтхандарды сәтті тапсырған білім алушылар автомектепті бітіргенін растайтын құжаттар ала алады.
Оқи отырыңыз:
Жеңісхан: Қазақстандағы той әншілерінің түрі қартайғаны болмаса өнері сол 5 жыл бұрынғы
Мейрамбек Бесбаевпен бірге «Алғашқы махаббат» картинасына түскен ару қазір қайда жүр?
Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді
Мемлекеттік марапатқа ие болған Сиви Махмуди жұрттың сынына ұшырады

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
