Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаевпен бірге «Алғашқы махаббат» картинасына түскен ару қазір қайда жүр?

Ақан Сатаевты жұбайымен таныстырған да, табыстырған да түсірілім алаңы болатын! Кезінде актерлікте бағын сынаған Ақан, актриса Назира Бақаеваға ессіз ғашық болып қалады. Кейін шаңырақ көтеріп, бес перзенттің ата-анасы атанды. Бірақ, Сатаев мырза  жарын үйден жырақтатпады деседі жұрт.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Алғашқы махаббатта» сен сүйген «мылқау ару» қазір  қайда жүр? Мейрамбек Бесбаевқа жиі жолданатын сауалдардың бірі осы екен. Назира Бақаева да инста парақшасының оқырмандары үнемі хат жолдап, іздейтінін айтады.

Бақаева ханым киноға кездейсоқ келген. Режиссер Қанымбек Қасымбековтың ассистенті болып жүріп, аяқ асты басты рөлге бекітіліпті.

Кейін, Қалдыбай Әбеновтың «Аллажар» фильміне шақырту алған. Дәл сол түсірілім алаңында Ақан Сатаевпен танысып, жүректері жарасқан соң шаңырақ көтереді. Ақ босаға аттаған сәттен ол киноәлемінен алыстаған.

“Отбасыма, балаларыма, күйеуіме қызмет ету жолын таңдап кеттім. Себебі, мен кәсіби актриса емеспін. Бірер роль бұйырғанының өзі маған жеткілікті”, – дейді Ақан Сатаевтың жары Назира Бақаева.

Назира Бақаеваның актрисалық мансабын «байлаған» Ақан Сатаев деген алып-қашпа сөздерге режиссердің жауабы мынау.

“Жооқ, біз ешқандай шектеу қоймаймыз. Білмеймін өзінің енді… Бізде енді Аллаға шүкір бес баламыз бар. Соның тәрбиесімен… Мүмкін сол шығар, мен шын мәнінде сұраған жоқпын”, – дейді режиссер Ақан Сатаев.

Сатаев өз фильмдеріне жұбайын қатыстыру жәйін мүлде ойға алмаған. Оны киноға шақыру алдағы жоспарымда да жоқ дейді.

“Бізде актрисалар жеткілікті. Сондықтан, режиссерлар мені киноға шақыра қояды деп үміттенбеймін. Дегенмен, ұсыныс түссе бас тартпас едім”, – дейді Назира Бақаева.

Есесіне, Ақан мен Назираның тұңғыштары – Мариям Сатай бүгінде актрисалыққа қадам басты. Назира ханым, ендігі арманым – өзім бағындыра алмаған белестерден қызым асса, – дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес

Нұрболат Абдуллин танымал хит әнді ұрлап алғанын мойындады

Мемлекеттік марапатқа ие болған Сиви Махмуди жұрттың сынына ұшырады

Димаш Лос-Анджелесте тұратын талантты қазақстандықпен кездесті

Талқылау