Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолы ашық жан еді": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі тірі кезінде қандай істер атқарғанын айтып берді

Журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі Қайрат Беркімбаев тірі кезінде қандай істер атқарғанын айтып, жазба жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

nur.kz

Instagram-да шыққан постта Сұлтанқызы марқұм жұбайының қолы ашық жан болғанын, жұртқа тегін балабақша, мектеп салып бергенін айтты. 

“Қайрат өте қолы ашық жан еді. 2006-2007 жылдары бизнеспен белсенді айналысты. Өзі туып-өскен Созақ ауданы, Қызылкөл ауылында мектеп болмады. Балалар аудан орталығында орналасқан алыс мектепке баратын. Балаларға жағдай жасау керек деп өз қаражатына мектеп тұрғызды. Құрылыс біткен соң толығымен мемлекетке тапсырды. (Төртінші сурет сол мектептің ашылу салтанатынан).

Мектеп жасындағы балалардың мәселесі шешілген соң, 2008 жылы сол ауылға балабақша тұрғызып, оны да мемлекетке табыстады. 200-ге жуық отбасы тұратын ауылдың 50-ден астам бөбегі қазір сол балабақшада тәрбиеленіп келеді. Оны қазір жүргізіп, Қайрекемнің бастамасын жалғап жүрген Нұржамал Құлжабайқызына алғысымды білдерімін”, – дейді журналист. 

Посттың аяғында Сұлтанқызы күйеуінің бастаған игі істерін дамыта берем деп уәде етті: “Істеген игі істерің барда – сенің атың ешқашан өшпес. Мен уәдемде тұрып, сен салған мектеп пен балабақшаны әрі қарай қолдауға, дамытуға СӨЗ БЕРЕМ”. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі 6 қарашада қайтыс болды. 

Талқылау