Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоластындағылармен бірге ішімдік ішкен: Павлодар облысында әкімнің орынбасары жұмыстан қуылды

Павлодар облысында қоластындағылармен бірге отырып ішімдік ішкен аудан әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

арақ

Сурет: inosmi.ru

Өңірдің жемқорлықпен күрес қызметі басшысы Айдар Тастеміровтің айтуынша, орынбасардың жұмыстан қуылуына қызметтік этиканы сақтамауы себеп болып отыр. 

«Жуырда этикаға қатысты отырыс кезінде Успен ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызметкер қоластындағылармен бірге отырып ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылды. Себебі, ол әкімшілік жауапкершілікті бұзып отыр», - деді Тастеміров. 

Әкім аппаратындағылар өз кезегінде әкім орынбасары Жасұзақ Есіркеповтің жұмыстан шығарылуы туралы бұйрыққа қол қойылғанын растады. Сондай-ақ, осы жерде Есіркеповтің тиісті құжатпен танысып үлгергені хабарланды. 
Кейін әкімнің орынбасарының үстінен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің 26 жастағы жетекшісі шағымданғаны белгілі болды. Ол өзінің бастығының кінәсіне бола мас күйінде көлік тізгіндегені үшін үш жылға көлік жүргізу құжатынан айырылған екен. 

Талқылау