AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көкжайлау" шатқалы Іле Алатауы ұлттық паркіне қайтарылды

Көкжайлау шатқалы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Алматы қаласы Медеу ауданындағы 1002,0 гектар аумақты құрайтын Көкжайлау шатқалы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтарылды",- деп хабарлады ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Көкжайлаудың басым бөлігін қылқан жапырақты шырша ормандарының бірегей экожүйелері мен ландшафттар алып жатыр. Көкжайлау ландшафттарының эстетикалық құндылығы, әсіресе Құмбел жотасының төменгі бөлігінде жақсы сақталған.

Көкжайлаудың қойнауында ҚР Қызыл кітабына енген Шренк шыршасының жатаған пішіні (стланниковая форма) Сиверс алмасы, Алатау өрігі, орташа пион, Виттрок рауғашы, Островский қызғалдағы, Алатау бәйлешегі, сынды т.б өсімдіктер өседі.

Сондай-ақ бұл мекен жануарлар әлеміне де бай. Сүтқоректілердің 57 түрі, құстардың 200 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4, қосмекенділердің 3 және балықтардың 4 түрі кездеседі.

Көкжайлаудың тұмса табиғаты туризм үшін де қолайлы. Мәселен келушілер Медеу жағынан да, Алмаарасан шатқалы жағынан да оңай көтеріліп, табиғи ландшафты қызықтай алады.

Еске салсақ, 2014 жылы Үкіметтің қаулысымен жалпы аумағы 1002 гектар Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жері айрықша қорғалатын табиғи аумақ санатынан Алматы қаласының Медеу ауданының қоры санатына "Көкжайлау" тау шаңғысы курортының құрылысы мен жұмыс істеуі үшін берілген болатын.

2019 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықтың пікірін ескере келіп, "Көкжайлау" шатқалында тау шаңғысы курортын салу жобасына тыйым салған еді.

2021 жылдың қазан айында Көкжайлау шатқалында орналасқан 1002,0 гектар жер учаскесін, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркіне қайтару мәселесін қарастыру жөніндегі комиссия құрылды.

"Комиссия мүшелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына қайтаруды заңды деп санады. Көкжайлау шатқалының табиғи байлығын сақтап қалу біздің ортақ міндетіміз",- деп қосты ведомствадан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр