Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаудағы жаңа туған ананың өлімі: Медициналық орталық айыппұл төлейтін болды

Көкшетау қалалық соты 2018 жылдың тамыз айында жергілікті перинаталдық орталықта көз жұмған 25 жастағы Әйгерім Бексұлтанованың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Қылмыс жеңіл деп танылды.  

Іс ашылғанынан бері екі жылдан астам уақыт өткендіктен дәрігерлер қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл ретте сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырды.  Ал ол көпсалалы облыстық аурухананы 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттеді. 

Қайғылы оқиға үш жыл сегіз ай бұрын болған. Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны Әйгерім Бексұлтанова 6 тамыз күні таңертең перинаталдық орталықта босанғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң қайтыс болды. 

Ол 2 тамызда – емханадағы учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап қан қысымы көтеріліп, осында ауруханаға жатқызылды. Күндізгі сағат үште Әйгерім ұл босанған. Ертеңіне таңғы бесте перзентханадан телефон соғып, келіншектің қайтыс болғаны туралы хабарланған.

Талқылау