AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаудағы мектепке бомба қойылған: Жарылғыш затты оқушының жасағаны белгілі болды

Көкшетаудағы күні кеше ғана мектептердің бірінде табылған жарылғыш затты сол мектептің оқушысы жасағаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, қыздың мұндай қадамға баруына оның дәл сол мектепте оқығысы келмеуі себеп болған.

"Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағаны анықталды. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке оның осы оқу орнында оқуды қаламауы себеп болған", –  деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.



Оқиға қатысты тексеру жұмыстары жалғасады. Ювеналды полиция қызметкерлері қызды профилактикалық есепке алу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, Көкшетаудағы 2 мектеп-лицейде 24 мамыр күні кешке күдікті құрылғы – сым тартылған қалбыр табылған болатын. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы мен полиция өкілдері құрылғы залалсыздандырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр