Көкшетауда отбасы асырап алынған науқас қызды ауруханаға апармаған
Көкшетау прокуратурасы бала асырап алғандар қыздың сырқаттанғанына қарамай, ауруханаға апармағанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Көкшетау прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына қатысты тексеріс жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша, асырап алынған 9 жасар қыз ұзақ уақыт мектепке бармаған және оған қажет медициналық көмек көрсетілмегені анықталды.
Қазір қыз көп аурулармен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ал қамқоршысы өз міндеттерін орындаудан шеттетілген.
Прокуратура білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және басқа да көмек көрсету бойынша қажет шараларды қабылдайды.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені айтылған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"