Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған әйел 6 жылға сотталды

Көкшетауда әйел фармацевтикалық зауыт саламын деген желеумен қаржы пирамидасын ашқан. Әйелдің жымысқы ойына Астана, Көкшетау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары алданып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: elements.envato.com

Алаяқ 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін қаражат жинап алған. Іс бойынша 17 жәбірленуші 300 миллион теңгесінен айырылғаны анықталды. Сот әйелге түрмедегі мерзімінен бөлек зардап шеккендерге 16 миллион теңгеден аса шығынды төлеуді міндеттеді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы Күләш Домалақова істің мән-жайын айтып берді.



"Сотталушы салымшы азаматтардың қаражатын фармацевтикалық зауыт салу, ББҚ және басқа да дәрілік препараттарды дамыту үшін заңсыз иемденген. Сыйақы алу арқылы табыстың тез өсуіне уәде берді. Сот үкімімен әйелдің мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді сот өкілі.

Еске салайық, қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталғанын мәлімдеді. Олар бойынша WhatsApp, Telegram және Instagram әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталып, олардың 182-сі бұғатталды.

Талқылау