Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 81 жастағы әкесін ұлы аяусыз сабаған

Көкшетауда 49 жастағы тұрғын 81 жастағы әкесін аяусы ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 сәуірде түскі уақытта Көкшетау қаласында әкесі мен баласы арасында жанжал болған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жанжал кезінде бұрын сотталған 49 жастағы ұлы әдей 81 жастағы әкесіне дене жарақатын салғанын анықтады.

"Қазіргі уақытта "денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу міндеттемесі түрінде таңдалды", - деп түсіндірді ведомствода.

Статистика бойынша, 2021 жылдың басынан бері Ақмола облысында 73 ақмолалық өз жақындарын ұрып-соғып, сол үшін де жауапкершілікке тартылды.

"Отбасындағы қарт адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жас бойынша кемсітудің көрінісі болып табылады. Күнделікті өмірде жасқа байланысты дискриминация кәрілікті қорлау арқылы көрінеді-физикалық немесе психологиялық, жаман қарым - қатынас немесе қарт адамдарға, олардың қамқоршыларына, бейтаныс адамдарға деген құрметтемеушілік", - деп толықтырды полиция.

Талқылау