Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны соғыста жоғалып кеткен атасы туралы 76 жылдан кейін хабар алды

1942 жылы жоғалып кеткен қазақстандық батырдың немересі Қанат Жаманбаев атасының сүйегін туған жеріне жерлеуден үмітін үзген болатын. Соғыс жылдарында әрбір жауынгер өзі туралы деректерді өлім медальонына енгізеді екен. Міне, дәл сол медальонның арқасында табылған сарбаздың кім екені анықталды.

Көкшетау тұрғыны соғыста жоғалып кеткен атасы туралы 76 жылдан кейін хабар алды

Сурет: Жеке архивтен

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Көптеген сарбаздар медальонға өзі туралы мәлімет жазғаннан кейін, бірден қайтыс боласың, деп мұны жаман ырымға балаған. Сондықтан майданда қаза тапқан жүздеген және мыңдаған жауынгерлер әлі күнге дейін жоғалғандар санатында.

Ал арнайы іздеу тобы ештеңеге қарамастан, әрбір кеңес жауынгерінің сүйегі бір күні өз жерінде жерленеді деп сенеді.

«Ленинград топырағы қазақ жауынгерінің сүйегін тек  76 жылдан кейін ғана берді. Болашақта, Қазақстанның басқа да батырлары өз жерінде жерленеді деп үміттенеміз», – деп жазды Санкт-Петербургтың іздестіру тобымен байланысқан «Арлан» әскери-патриоттық қорының жетекшісі Аманжол Оразбаев.

Ал соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың туыстарының іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Осы жарияланған мәліметтердің арқасында бірнеше сағаттан кейін жоғалған сарбаздың немересі Көкшетаудан табылды.

«Айтатын сөзім жоқ! Атамыздың сүйегінің табылғанына әлі де сене алмай отымын», – дейді Қанат Жаманбаев.

«Менің әкем – Қайыр Жаманбаев атамыздан қалған жалғыз ұл еді. Одан төрт ұл бар, мен – кішісімін. Бала кезімде әкемнен атам қайда деп сұрайтынмын. Ол атаң майданда қаза болды, бірақ оны ешкім таба алмады деген еді. Әкем атамның мықты, әрі батыл және қарапайым адам болғанын айтатын. Өкінішке орай, әкеміз дүниеден ерте кетті. Сондықтан бізде атамыз туралы ақпарат өте аз», – дейді батырдың немересі.

Тәуелсіздік жылдарында Қанат Жаманбаев атасы туралы қандай да бір ақпаратты білуге ​​тырысты, бірақ барлық әрекеттер сәтсіз болған.

«Соңғы екі жылда атамды іздеуді тоқтаттым.  Бірақ күндердің бір күні мен тастап кеткен деректерден хабар келетініне үміттендім», – дейді Қанат Жаманбаев.

Ресей топырағынан табылған қазақстандық батыр Абдұлқасым Жаманбаевтың немересі атасының сүйегі туған жерінде жерленіп, жаны тыныштық табады деп үміттенеді. Осынша жылдардан кейін атасы туралы хабар алған Қанат Жаманбаев атасының сүйегін туыстарының дұғаларымен, өзіне лайық соңғы әскери сый-құрмет көрсетіп жерлегісі келеді.

«Біз атамыздың сүйек қалдықтарын туған жеріне алып келіп, әкеміздің жанына жерлегіміз келеді. Бәрін дұрыс жасағымыз келіп тұр. Сүйекті отанымызға әкелуде ешқандай қиындықтар туындамайды деп үміттенемін. Сондай-ақ, атамыздың сүйегі табылған жерге де ескерткіш тас орнататуды ойластырып отырмыз», – деп қорытындылады Қанат Жаманбаев.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте балаларының көзінше әйелін бауыздап өлтірген азамат 15 жылға сотталды

«Астаналық беделді адам» Байзақованы пышақтамақшы болған

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Танымал продюсер Ресейде жатып, Павлодар билігін айыптаған Скриптонитті сынап тастады

Талқылау