Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кедергі келтіріп тұрмын ба?": Қаптың ішінде жатқан ер адам алматылықтарды шошытты (видео)

Видеодан скрин

Алматыда ауладағы орындықтардың бірінің астынан қаптың ішінде жатқан ер адам табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауладағы орындықтың астында жатқан ер адамды серуендеп жүрген тұрғындар байқап қалған. Алғашқыда олар қапта қоқыс бар деп ойлаған. Кейіннен қаптың ішінен ер адамның "Қыздар, мен сіздерге кедергі келтіріп тұрмын ба? Кедергі келтірсем, тепкілей беріңіздер" деген дауысы шыққан.

Белгілі болғандай, қапта 35–45 жас шамасындағы дені сау ер адам жатқан.

Қорыққан қыздар бірден полиция шақырған. 15 минуттан кейін оқиға орнына полицейлер жеткен. Дабыл қосылған сәтте ер адам қаптан шығып қашпақ болған көрінеді. Ер адамның не себепті дәл балалар мен жасөспірімдер жиі жиналатын орындық астында жатқаны түсініксіз.

Тұрғындар ер адамның бұл әрекетін азғындық мақсаттармен байланысты болуы мүмкін деп алаңдаушылық танытқан.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның балалар алаңының қасында болғанын растады.

“Осы жылдың 7 қыркүйегінде ер адамды полиция қызметкерлері Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізді. Оның айтуынша, ол қатты шаршағандықтан ұйықтап қалған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған ұсақ әкімшілік жауапкершілік жүктелді”, – деп хабарлады полиция.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 18:26
Талқылау