Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тыйым салынады: Алматы облысында карантин күшейтілді
Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аймақтағы карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алматы облысында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу қажет", - делінген құжатта.
Атап айтқанда, қызметі тоқтатылады:
- толтырылуы 50%-дан жоғары, соның ішінде залдарда 30 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
- 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;
- балаларды сауықтыру лагерлері;
- балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары), аттракциондар, оның ішінде үй-жайда және ашық ауада (батуттар, саябақтар мен алаңдарда велосипедтер мен электр самокаттарын жалғалу, жануарларға міну);
- ойын-сауық объектілері, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, PS-клубтар, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, цирктер, бильярд залдары;
- театрлар, кинотеатрлар;
- мәдениет объектілері (мұражайлар, мәдениет үйлері, концерт залдары және т. б.);
- облысаралық, қалааралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қозғалысы.
- құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын объектілерден басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған):
- қашықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін дәстүрлі форматта оқытуды тоқтату.
Спорттық іс-шараларды, секцияларды, үйірмелерді өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, елді мекендердің ішінде қоғамдық көлік сағат 23:00 дейін жұмыс істейді, қарбалас уақытта көлік саны артады.
Құжаттың мәтінін мына жерден толық көруге болады.
Қаулы 12 сәуірде таңғы сағат 7-ден бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеу шараларына қатысты жаңа қаулысы жарияланды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ