Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық онлайн-тыңдалым. Қазақстандықтар Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікір білдіре алады

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты азаматтарды астана атауын өзгертуге қатысты пікір білдіруге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

астана

Онлай-тыңдалым 15 қыркүйекте өтеді. 

"Қоғамдық тыңдаулар 2022 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 10:00-де онлайн форматта қала жұртшылығының, мәслихат депутаттарының қатысуымен өтеді", – делінген мәслихат хабарламасында. 



Қоғамдық тыңдауларға қала тұрғындары Facebook (елорда мәслихатының ресми парақшасы) арқылы қатыса алады. Ал БАҚ өкілдері қатысу үшін Zoom сервистік платформасында сілтеме қолжетімді болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының ономастика комиссиясы елорда атауын өзгертуге қатысты ұсынысты қолдаған еді. 

Талқылау