Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шегетінін шегеді, ішетінін ішеді": Қоғам белсендісі хиджабтағы қыз-келіншектерді сынап тастады

Соңғы кездері Қазнетте орамалға тұмшаланған арулар туралы түрлі жағымсыз қауесет өте көп. Дәл қазір әлеуметтік желіде хиджаб киген қыз-келіншектерді жезөкшеге теңеген қоғам белсендісінің өткір пікірі қызу талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Өзін "қоғам белсендісі" деп таныстырған Қаракөз Сағынтай есімді әйел мен орамал таққан блогер Асенат Болатқызы Stan.kz ақпарат порталының YouTube арнасында өзара хиджаб мәселесін талқылады. Олардың бірі орамалдағы қыз-келіншектерді жақтаса, екіншісі даттаған. Мәселен, қоғам белсендісі бүгінде хиджаб кигендерді "жезөкше" деп атады.   

"Негізі хиджабтағылардың 80 пайызы хиджаб киіп алып түк болмағандай кешке дейін "имам", кештен кейін "Иван" боп жүретіндерді талай көрдік. Өтірік емес. Өздерін күшті, пәк көрсетеді де, істейтіндерін кешке әдемілеп істейді. Тіпті клубқа барып шегетінін де шегеді, ішетінін де ішеді, алдайтынын да алдайды. Жасайтын нәрсесін жасап жүр. Сонда хиджабтағы жезөкше ғой. Түсінесіз бе, 80 пайыз?! Егер орамалдағылар жезөкше болмаса, біз оны қайдан шығарып аламыз? Онда тиктокта жүрмесін. Таңнан кешке дейін тиктокта боқтасып отырады", — дейді Қаракөз Сағынтай.

Алайда қоғам белсендісінің бұл ащы пікірі қаншама жыл орамалға оранып, намазын оқып жүрген Асенат есімді блогерге жақпай қалды. 

"Мен бұл пікірге қарсымын, өте орынсыз айтып отыр. Өйткені ондай адамдар жоқ деп ойлаймын. Болмай-ақ та қойсын. "Түске дейін имам, түстен кейін Иван" деген сөзі өте ауыр тиді. "Шашын жайған, қысқа кигендердің 80 пайызы – жезөкше" десем, жақсы ма? Біздің орамалымызға тиіседі. "Сен хиджабтасың, сен сабырлы бол, сен намаздасың" дейді. Біз олардың жайып алған шашына, қысқа кигеніне, жылтыраған санына тиіспейміз", — дейді орамалдағы Асенат.  

Сондай-ақ Қаракөз Сағынтай бұл пікірталаста хиджаб киген қыз-келіншектерге арнайы ақша төленетіні туралы айтып, тіпті келтірер дәлелі бар екенін де ашық жариялады. 

"Айнұр Тұрсынбаева менің өнерде жүрген бір таныс қызыма: "Хиджабқа келсеңші, орамал келсеңші, ақша төлейді" деп айтыпты. Бірақ мен екіойлы боп қалдым. Кім төлейді десем, өздерінің сондай бір ұйымдары бар екен. Теріс ағым ба, шынайы ма деп таңғалдым. Айнұр Тұрсынбаева мені сотқа берсе берсін, не істеймін енді. Өлтіре ме мені, не істейді. Бірақ маған біреу солай айтты. Сосын тағы бір қыз орамал тағы алып "сендер бізге қанша ақша төленетін білмейсіңдер ғой" дегенін желіге салып қойыпты. Кейін сол қыз маған шығып, қорқытып жатыр. "Сіз авторлық құқық дегенді білесіз бе? Мен сізді сотқа беремін" дейді. Кейін сол қыздан не үшін солай айтқанын сұрадым. "Жоқ, мен Алланың беретін ақшасын айттым" деді. Солай әңгіме бітті. Осындай әңгімелер негізі көп", — дейді қоғам белсендісі. 

Бірақ мұндай әңгімені хиджабтағы Асенат қауесетке балап, қоғамды дүрліктіру деп топшылайды. 

"Менің ойымша, бұл – араға іріткі салу. Мысалы, орамалдағылар көбейіп жатыр, мұны қалай да тоқтату керек. Қалай тоқтатамыз? Жала жабайық, өсек шығарайық деген сияқты. "Бұларға ақша төленеді, сол үшін олар хиджаб киеді" деп бізге жала жабылды, ол бірден тарап кетті. Мен екі дүниені айтқым келіп тұр. Жеңіл жүріс жүріп, өз тәнін сатып ақша алған жақсы ма, жоқ әлде хиджаб киіп, сол үшін ақша алғаны дұрыс па? Менің ойымша, егер шын мәнінде ақша төленетін болса, хиджаб кисін де ақша алсын. Тәнін сатып ақша алғанша... Бірақ бізге ешкім ешқашан ақша төлемеген, менің қалтама да, шотыма да хиджаб үшін ақша түскен емес. Егер түсіп жатса, беріп жатса ақшаны алуға қарсы емеспін", — деді хиджабтағы блогер. 

Десек те, орамал таққан Асенат осы уақытқа дейін бірнеше қыз-келіншектің хиджабқа қандай жолмен келгенін ашық айтып берді. 

"Мен бұрыннан хиджаб киіп келе жатқаннан кейін көптеген адамды көрдім. Олардың ішінде өмірде қиналып тұрып хиджаб кигендер де болды, тіпті зорлық-зомбылық көргеннен кейін хиджб кигендер де бар, "түнімен осындай дүниеге ұшырап жатырмын, мен Аллаға қайтуым керек" деп кигендер де болды. Тіпті байға тию үшін де киетіндер болды. "Мен бір нәрсе қылып байға тиуім керек, мені ешкім алмай қойды. Демек мына сақалдылар алады екен, шіріген бай екен, ақшасы көп екен. Мен білгенімді жасап алдым, енді түзу жолда жүрсем, мені әйел қылып алады" деген мақсатпен хиджаб киетіндер де болды. Мен бұларды өмірде көргенмін, жасырмаймын. Ер адам үшін, күйеуге тию үшін, жігіт үшін немесе тағдыр тауқыметін көріп, содан кейін тәубеге келу үшін аяқ астынан, қорыққаннан намазды бастап кеткендер ертең оңай, аяқ астынан тастап кете алады.  Себебі мұнда кісілер өзінің шынайы ниетімен дайындалған жоқ. Жігіт үшін киді, жігіт ертең тастап кетсе, ол да орамалды тастап кетеді", — деп ашуланды Асенат Болатқызы. 

Ал хиджабтағы қыз-келіншектер туралы өткір пікір білдіріп, өз ойын ортаға салған Қаракөз Сағынтай орамал тағуға ниетті әйелдерге кеңесін айтып, ескерту жасады. 

"Хиджаб кие ме, кимей ме шаруам жоқ! Бірақ өтірік жігіт үшін, анау-мынау үшін деп "показуха" жасап кимей, шын ниетпен намазын оқысын. Құдай үшін жақсылық жасасын, сабырлық сақтасын. Арам ниетті болмай, тып-таныш жақсылықпен жүрсін", — дейді Қаракөз Сағынтай. 

Сонымен қатар қоғам белсендісі мен хиджабтағы блогер бұл сұхбатта қазіргі таңда қызу талқыланған төмендегі бірнеше тақырыпты қозғады:  

  • Оқушы қыздарды мектепке орамалмен кіргізу немесе кіргізбеу;
  • "Домбыра – харам" деп тиктокты шулатқан хиджабтағы ару;
  • Мешіттегі неке мен заңды некенің айырмашылығы;
  • Орамал таққан әйелдердің ажырасуы;
  • Жұрттан жүзін жасырып, нихап киген қыз-келіншектердің өмірі;
  • Намаз оқитындардың алаяқтық әрекеті;

Видео сұхбаттың толық нұсқасын дәл қазір Stan kz YouTube арнасынан көріңіз.

 

Талқылау