AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоғам алдындағы міндет бәрінен жоғары болды": Қызылордалық полицейлер алапат өрттің ішінен ер азаматты аман алып шыққан

Полицей – үлкен жүректілік пен батырлықты қажет ететін мамандық. Форма киіп, шен таққан әрбір  қызметкер кез келген жағдайда қоғам тыныштығын күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуі қажет. Осындай ерең ерліктің үлгісін үш қызылордалық полицей көрсетті. Мамандар төтенше жағдай кезінде қала тұрғынын алапат өрттің арасынан алып шығып, өмірін сақтап қалды. Бейбіт күннің батырларымен Stan.kz тілшісі әңгімелескен болатын.

полицейлер

Полиция капитаны Қайрат Өтембетов, полиция аға лейтенанттары Нұржан Маханбетжанов пен Әскербек Жаңабергенов біршама уақыттан бері бір патрульдік қызметте еңбек етіп келеді. Тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысады. олар басты мақсат – қарапайым халықтың қауіпсіздігін сақтап, азаматтардың құқықтарын қорғау екенін айтады. Қызмет қиын болғанына қарамастан, мамандар өздеріне жүктелген жауапкершіліктің салмағын жақсы түсінеді.

"Патрульдік қызмет әрбір маманнан ең бірінші кезекте қырағылықты қажет етеді. Аз уақыттың ішінде тез ойланып, дұрыс шешім қабылдау керек жағдайлар өте жиі кездеседі. Заң бұзушылармен күрес бір сәтке де тоқтап жатқан жоқ. Тәртіпке бас иген құл болмайды. Азаматтар осы қағиданы түсінуі тиіс", – дейді полиция капитаны Қайрат Өтембетов.

Жуырда ғана Қайрат Өтембетов жетекшілік ететін патрульдік топ аз уақыттың ішінде тез қимылдап, дұрыс әрекет ете білді. Соның арқасында ер азаматтың өмірін сақтап қалды. 

Полиция мәліметінше, кезекші бөлімге Тасбөгет кентіндегі жеке үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы шұғыл хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары арнайы құтқару қызметтеріне хабарласады. Алайда алапат жалыннан зардап шеккендер болуы мүмкін деген оймен құқық қорғаушылар шұғыл әрекетке көшеді.



"Оқиға орнына жеткенімізде өрттің күш алғанын байқадық. Құтқарушыларды күтпедік, дереу үйдің ішіне кірдік. Көк түтіннен аяқ алып жүру қиын болды. Соған қарамастан, баспананың ішінде қырық жастан асқан қала тұрғынын таптық. Ол иіске уланған екен. Дереу сыртқа алып шықтық. Кейін дәрігерлер оған көмек көрсетті", – дейді полиция аға лейтенанты Нұржан Маханбетжанов.

Тәртіп сақшылары жалынға оранған ғимаратқа бірнеше рет кіруге мәжбүр болған. Үй ішінде басқа да адамның қалып қоймағандығына көз жеткізу қажет болғанын айтады. Оның үстіне тоқ көздерін электр желілерінен ажыратып, газ баллондарын сыртқа алып шыққан.

"Жалынмен арпалысып жүріп, үй ішінен төрт газ баллонын тауып, далаға алып шықтық. Олар өртпен жанасқан жағдайда жарылыс болып, жанындағы үйлерге де зиянын тигізуі мүмкін еді. Оқыс жағдайдың алдын алдық. Жеке басымызға қауіптің төнгенін түсінеміз. Шатыр құлап кетуі де мүмкін ғой. Бірақ сол сәтте қоғам алдындағы міндет бәрінен жоғары болды. Бұл біздің жұмысымыз", – дейді полиция аға лейтенанты Әскербек Жаңабергенов.

Адам өмірін ажалдан арашалап қалған полицейлер өздерінің әрекеттерін батырлыққа теңемейді. Бастысы адам өлімінің алдын алу. Қиын кезеңде жылдам әрекет еткен тәртіп сақшылары Қызылорда облыстық Полиция департаменті басшылығы мен әріптестері тарапынан құрметке бөленді, жас мамандарға үлгі болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр