AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ондай жағдайларда әр секунд маңызды": Петропавлдық полицей суға батқан екі адамды қалай құтқарып алғанын айтты

2021 жылдың жазы петропавлдық полицей Мейірман Төлебаевтің есінде мәңгіге сақталары анық. Жас жігіт өз басын қатерге тігіп, екі адамның өмірін ажалдан арашалап қалған. Бұл әрекетім ерлік емес деген тәртіп сақшысы оқиға жайлы Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

полицяи

Оқиға мамыр айының соңында Петропавлдың шеткері аудандарының бірінде орын алған. Есіл өзенінің маңында серуендеп жүрген Мейірманға егде жастағы әйел жолығып, әлдекімдердің көмек сұрап шақырып жатқандығын айтқан. Жас жігіт еш ойланбастан, сол жаққа қарай жүрігіп, суда екі адамның батып бара жатқандығын байқайды. Аға сержант ең алдымен жас қызды, кейін ер адамды жағаға алып шыққан.

"Бойжеткенге еш көмек керек болған жоқ. Ал ер азамат суды көп жұтып қойғандықтан, дем ала алмай жатты. Сондықтан оның жүрегіне массаж жасадым. Алғашқы медициналық көмектен соң, ол тыныс ала бастады. Кейін жедел жәрдем келіп, оларды ауруханаға алып кетті. Арада біраз уақыт өткеннен соң ғана мен ер адамның 10 күндей жансақтау бөлімінде жатқандығын білдім", – дейді Мейірман Төлебаев.

Мейірман өзінің бұл әрекетін ерлік деп санамайтынын жеткізді. Сондықтан оқиға туралы ешкімге тіс жарып айтпаған. Ал оның батыл әрекеті полиция департаментіне келген алғыс хаттан кейін ғана белгілі болған. Оны ведомствоға тәртіп сақшысы құтқарып қалған адамдардың туыстары жолдаған. Содан бері жарты жылға жуық уақыт өтіпті. Бүгіндері Петропавл қалалық Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімі кезекшісінің көмекшісі Мейірман Төлебаев аталған оқиғаны бірде ерекше жылулықпен еске алса, ал кейде бойымды ерекше үрей билейді дейді.


"Шалыс кетсем, бірге құлауымыз мүмкін еді": Тараздық полицейлер биіктіктен секіріп өлмекші болған қызды қалай құтқарып алғандарын айтты


"Оқыс оқиға болғанда еш нәрсені ойлай алмадым. Ондай жағдайларда әр секундтың маңызды екендігі белгілі ғой. Сондықтан белді бекем буып, адамдарды құтқардым. Ал қазір, уақыт өте келе ойлап қарасам, шынында да, арты қайғылы аяқталуы да мүмкін еді. Өйткені ол жердің суы терең, жағасы биік жар, лайлы жер еді. Адамдарды алып шығу қиын болды. Сондықтан қазір оқиғаны еске алғанда бойымды кейде қуаныш сезімі билесе, кейде үшеуміз де батып кетер едік қой деген қорқыныш сезімі де болады", – дейді аға сержант.

Осылай өз басын қатерге тігіп, екі бірдей адамның өмірін аман алып қалған полиция қызметкері менің орнымда басқа біреу болса да осылай істейтін еді дейді. Ең бастысы халықтың алғысы деген аға сержант өзі құтқарған жандармен жиі араласып тұратынын жеткізді. Олар тәртіп сақшысын талай үйлеріне де шақырған. Бірақ жас маман қонаққа барудың реті келмей жүр дейді.

Ішкі істер органдарында 5 жылдан бері еңбек етіп жүрген Мейірман Төлебаевті әріптестері де үлгі тұтады. Полиция қызметкерінің кішкентайы бар. Көбіне жұмыста жүретін Мейірман баласының өз жолын қуғанын қаламайды. Бір үйде, бір полицей жетеді деп қалжыңдайды аға сержант. 

Сұхбаттасқан: Мағжан Меллатқызы

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр