Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚҚМЗ басшысы "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісіне ие болды

Қарағанды құю-машина жасау зауытының Басқарма Төрағасы Жәнібек Байғабелов "Құрметті машина жасаушы" атағына ие болды. Марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі 22-23 қыркүйекте Астана қаласында өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының X форумы аясында өтті. Сондай-ақ ҚҚМЗ басшысынан бөлек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төсбелгісін осы саланың дамуына үлес қосқан өзге де білікті мамандар алды.

Форумның екінші күнінің бағдарламасы 12 тақырыптық секциялық отырыстарды қамтыды, солардың бірі тау-кен металлургия кешені саласында машина жасау саласына арналды. Оған ТМК жетекші компанияларының машина жасау бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Польшадағы елшісі Әлім Қирабаев қатысты. Елші өз кезегінде қатысушыларға технологиялық жаңғырту есебінен зор табыстар мен жетістіктерге қол жеткізген Польша өнеркәсіптік кәсіпорындардың тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов отандық машина жасау саласын дамытудың қолжетімді құралдарын тілге тиек етіп, аталған  сала алдында тұрған басты қауіп-қатерлерге тоқталып өтті.

"Біріншіден  – ТМК кәсіпорындары арасындағы технологияларды пайдалану алшақтығын арттыру. Мысалы, мен Қарағандыда заманауи станоктары,  білікті ұжымы,  10-15 жылға арналған стратегиясы бар зауытты көрдім, сонымен бірге 90-шы жылдардан бастап ештеңені өзгертпеген Степногорское зауытында да болдым.

Бұған қоса, маман тапшылығы мәселесі де бар. Бүгінгі таңда негізінен өндірісті алдыңғы буын еңбеккерлері ұстап тұр, жас буынның бұл салаға бет бұрып жатқанын байқамадық. Бұл да экономика баса назар аударатын мәселенің бірі деп санаймын.

Тағы бір айтып кететін мәселе – шикізат шығындарының өсуі болып отыр. Бағадағы ауытқу бүгінде 100-ден 200%-ға дейін жетуде және өкініштісі біз бұдан ары не болатынын болжай алмаймыз. Еуропа көгілдір отынсыз қалса, бірқатар ірі металлургиялық өндірістер бірінен кейін бірі жабылып жатыр. Десе де Еуропа нарығының төлем қабілеттілігі бар және олар өнімді барлық континенттерден импорттай алады. Бұл да металл прокаты бағасының өсуіне алып келеді", - деп атап өтті Индустрия комитеті төрағасының орынбасары.

Жаңа уақыттағы сын-қатерлер – машина жасаушылардың мерейтойлық форумының негізгі тақырыбы. Сол себепті спикерлер атап өткендей, бұл кезеңде тұрақтылықты сақтап қана қоймай, болашақта Қазақстан машина жасаушылары үшін кез келген тәуекелдерді барынша азайта алатын мәселенің шешімін табу маңызды болып отыр.

"Әлем өзгерді, 60-шы жылдардан бастап ондаған жылдар бойы қалыптасқан барлық логистикалық және технологиялық тізбектер бір-ақ күнде жұмысын тоқтатты. Біз көптеген жыл бойы ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындар бәсекеге қабілетті болып келе жатқандығын  көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда біздің технологиялық тәуелсіздігімізді дамыту маңызды, яғни біз үшін белгілі бір қиындықтар тудыратын жаһандық сын-қатерлерге, мысалы, құю, шикізат, металл прокатын, электр жабдықтарын тұрақты түрде жеткізбеу сынды жаһандық сын-қатерлерге дайын болуымыз қажет", - деп атап өтті Жәнібек Байғабелов.

Ол сондай-ақ қазақстандық нарықтағы жаңа мүмкіндіктерге тоқталып өтті.

"Енді кез келген тапсырыс беруші немесе жеке кәсіпорын өзінің машина жасау тапсырыстарын орналастыра алады. Біз машина жасау кәсіпорындары көп жағдайда тек корпоративтік қажеттіліктер үшін жұмыс істейді деп үйреніп қалдық, алайда енді оларға нарық үшін қолжетімді болатын қосымша резерв салынады. Егер Қазақстанда сапалы құю, қаптамалау пайда болса, онда ШОБ дамиды және бұл үшін мемлекеттік қолдаудың тиімді құралдары бар", - деді ҚҚМЗ басшысы.

Айта кетерлігі, Қарағанды құю-машина жасау зауыты "Қазақмыс" тапсырысы бойынша өнімнің тек 70%-ын ғана өндіреді, ал қалған 30%-ын - бұл шамамен жыл сайын 200 компания басқа тапсырыс берушілер өндіреді.

"Біз барлық сала алдындағы жауапкершілікті сезінеміз, өйткені біз Қазақстанда машина жасауды дамытудың драйвері болып табыламыз. Біз металл өңдеу саласында жаңғырту жұмыстарын қолға алдық  - 60 млн доллар жаңа заманауи жабдыққа жұмсалды. 3 жыл ішінде біз қызметкерлер санын көбейтпей, өндіріс көлемін 2,8 есеге арттырдық. Бұған жабдықты жаңарту жолы және жаңа шешімдер арқылы қол жеткіздік. Біз одан ары дамуды және қосалқы мердігерлерді дамытуды жоспарлап отырмыз", - деп қорытындылады ҚҚМЗ басшысы.

Қазақстан машина жасаушыларының X форумы – индустрия саласындағы басты салалық оқиға және кооперациялық байланыстарды дамыту үшін бірегей платформа болып табылады. Көрме мақсаты – машина жасау саласының жедел дамуына ықпал ету, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Талқылау