Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1,7 млрд теңге: Қызылордада шенеуніктер бұрын жөндеу жүргізілген көшелерді қайта жөндемек болған

Қызылордада шенеуніктер бұрын жөндеу жүргізілген көшелерді жөндеу үшін 1,7 миллиард теңге жұмсамақ болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

жол жөндеу

Қызылорда облыстық прокуратурасының мәліметінше, қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алған.

“Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде бұрын соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды. Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. "Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы" Бұйрықтың 4.1-тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеу аралығының мерзімі 6-9 жылды құрайды”, –делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.



Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.

“Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды”, – деп қосты ведомство өкілдері.

Талқылау