Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада аялдамада болған жол апаты: Марқұмдардың отбасына көмек көрсетіледі

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов таяуда Қызылорда қаласындағы аялдамада болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдірді. Апат салдарынан 4 адам көз жұмған еді. Жарақаттанған тағы бір адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді

Қуанышбек Ысқақов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жол апатының салдарынан көз жұмғандардың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтты. 

«Жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, салдарынан аялдамаға соғылып, 5 адамды қаққан. Үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Біреуі ауруханада көз жұмды. ... Әрине, орынбасарларыма, облыстық аппарат басшыларына тапсырма бердім. Олар марқұмдардың үйіне барып, менің атымнан көңіл айтты. Оларға міндетті түрде материалдық көмек көрсетіледі», - дейді Қызылорда облысының әкімі. 

Еске сала кетсек, 21 қарашада Қызылордада жол апаты болып, көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен еді. Салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екі адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Апаттан жарақаттанған 10 жасар бала ауруханада көз жұмды. 

Талқылау