Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 32 жастағы әйел 11 күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 32 жастағы азаматша 11 күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

"Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", – деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Талқылау