Қызылорда облысының әкімі президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Қырымбек Көшербаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінеді хабарламада.
Сонымен қатар президент Бақытжан Сағынтаевты президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатты.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды», - делінеді Ақорданың хабарламасында.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”