Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққандар жайлы деректер айтылды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы тіркелген науқастардың жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус тест

Ауруға шалдыққан соңғы үш науқас Сырдария ауданында анықталды. Коронавирусқа жасаған сынама нәтижесінде олардың індет жұқтырғаны расталыпты.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы тұрақты. Хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары тағайындалыпты.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу әрекеттері мен зарасыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір облыста  COVID-19 коронавирусына тап болған 69 адам тіркелген. Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35, Сырдария ауданында – 4, Арал ауданында – 1 адам індет жұқтырған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 700-ден асты. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр