Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда қаласының әкімі қызметінен босатылды

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кетті. Енді ол - премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің сайтында мәлім болды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.

 Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жылдары — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жылдары — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

STAN.KZ
Жұма, 02 Сәуір, 2021 09:27
Талқылау