AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Халықаралық туризм", Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Мұнай-газ кен орындарын игеру" және "Құрылыс" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Қызылорда интеграция" компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді. 2020 жылдың наурыз айынан Жалағаш ауданы әкімі қызметінде болды.

Бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Ғанибек Қазантаевтың өз өтінішіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр