"Қызықты сериалдар үздік платформада": "Қазақтелекомның" TV+ мобильді қосымшасы көш бастады
"Қазақтелекомның" TV+ мобильді қосымшасы танымал алаңдарды басып озып, жүктеу саны бойынша 2 миллион көрсеткішке жетті. Қазір қазақстандықтар еліміздің ірі телеком-операторының жаңа өнімін өз гаджеттеріне жарыса жүктеуде. Себебі Salem social Media продюсерлік компаниясы мен жетекші телеком-оператор бірлесіп дайындаған "Қара аула", "Qarga", "Шағын және орта гамбургерлер" сериалдарын жұртшылық осы қосымшадан көреді. Жақында ғана Қазақтелеком "Шеше" телехикасы арқылы тұтынушыларын тағы да қуантты. Компания алдағы уақытта керемет отандық туындылармен қосымшаны толықтырмақ.
Компания өкілдері мұндай жетістікті қазақстандық көрерменнің отандық контентке деген шынайы қызығушылығымен байланыстырады.
"Қазақтелекомның" TV+ мобильдік қосымшасының жүктеу санының көбейіп, алдыңғы орынға шыуғы – отандық Salem social Media продюсерлік компаниясы мен жетекші телеком-оператор бірлесіп дайындаған қазақстандық контенттің пайда болуымен байланысты. Мәселен, биыл қаңтар айынан бастап платформада көрсетілген "Қара аула", "Qarga", "Шағын және орта гамбургерлер" сериалдары жұртшылықтың көңілінен орын тапқан еді.
"Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының Бас директоры Игорь Погребицкий жақында қосымшада көрермендерді қуантқан тағы бір жаңа туындының жарық көргенін алға тартты.
“Қазір TV+ платформасында ауыр дертке шалдыққан әйелдің тауқіметке толы тағдырын көрсететін "Шеше" атты терең ойлы отбасылық драманың алғашқы бес сериясы белсенді түрде көрсетіліп жатыр. Көрерменді тарту жағынан сериал жақсы көрсеткіштерге жетті. Атап айтқанда, Youtube-тен 100 мыңға жуық пайдаланушы осы фильмді көру үшін платформаға ауысса, "Шеше" көрсетілімі басталғалы бері 2 апта ішінде ecommerce арқылы TV+ жазылатын жаңа абоненттер саны 6 мыңға жетті", - деді Игорь Погребицкий.
"Шеше" телехикаясы 12 сериядан тұрады. Ал TV+ платформасына 4-5 сериялық блоктар бірден жарияланады. Жүректі толғандыратын отбасылық драмадағы негізгі мәселе – өмірдің мәні, науқас ана мен оның кәмелетке толмаған балалары арасындағы қарым-қатынас. Туындыны көргендер оның қатерлі ісік ауруына қарсы күресі мен батылдығынан жігер алады. Сериалдың келесі бөлімдері 5-8 қарашада жарияланса, ақтық бөлімдері 15 қарашада көрермендерге жол тартпақ.
Айта кетейік, TV+ платформасы қарқынды түрде жаңартып жатқан "Қазақстанда жасалған" форматындағы контент көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Оған дәлел, жүктеу саны мен жоғары рейтинг. Мәселен, "Qarga" криминалдық драмасы қыркүйек айында "Қазақтелеком" платформасының ең рейтингтік жобасына айналды. Тіпті сериалдың соңғы бөлімдері жарияланған күні 35 мыңнан астам көрермен жиналған. Бұл бүкіл платформаны пайдаланушылардың 40% назарын аударды.
"Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының өнімдерді дамыту және енгізу департаментінің директоры Дакиш Жақыпаров TV+ платформасындағы сериалдардың көрерменді жақсылық пен жанашырлыққа тәрбиелейтінін жеткізді. Айтуынша, осындай контенттердің арқасында платформа да сұранысқа ие бола түспек.
"Платформа іске қосылғалы бері IOS иелері TV+ қосымшасын мобильді құрылғылар шамамен 550 мың рет, Android иелері 1,4 миллионнан астам рет жүктеген. Осылайша жалпы жүктеулер саны 2 миллионға жетті. Бұл үлкен жетістік. Сондықтан өз нәтижемізді сақтап қана қоймай, оны одан әрі жақсартуды жоспарлап отырмыз", – деді Дакиш Жақыпаров.
TV + платформасы қыркүйек айынан бастап Қазақстандағы көрерменге бейнеконтент ұсынатын басқа қосымшалар арасында жүктелім саны бойынша көш бастауда. TV+ "Қазақтелеком" сервисінің кураторлары платформа ұсынатын контенттердің жоғары сапада түсіріліп, жемісті болатынына сенімді. Мұндай қарқынмен "Қазақтелеком" мен Salem Social Media-ның бірлескен телехикаялары 2023 жылғы ең танымал картиналар рейтингінде алдыңғы орынға шығуы әбден мүмкін.