Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздарымның көп балалы болғанын қаламаймын": 11 баланың анасы көрген қиындығын бөлісті

11 баланың анасы көрген қиындығымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews басылымына сілтеме жасап. 

Қыздарымның көп балалы болғанын қаламаймын

Ең кішкентай баласын енді қырқынан шығарған Зейнеш Нұр-Сұлтандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тұрады. Ал пәтер иесі оның 11 баласының барын білмейді. Небәрі 46 жасында 11 баланың анасы атанып үлгерген ол осыдан бес ай бұрын Қызылордадан елордаға қоныс аударған. 

"Маған Нұр-Сұлтаннан пәтер немесе басқа бір нәрсе береді деп үміттенген жоқпын. Қызылордада тұрған кезде де, он балам болғанның өзінде ол туралы ойлаған емеспін", - дейді Зейнеш.

Қазіргі таңда Зейнештің үлкен екі қызы бөлек тұрады, ал қалған балалары келіншектің өз қолында. Алғашқы күйеуімен бір қосылып, бір ажырасып жалыққанын жеткізді ол. Ол бас қалаға мемлекет тарапынан қолдау көргісі келіп емес, балалардың болашағы үшін келдім дейді. 

"Біз Қытайдағыдай балаларымызды жасыруға мәжбүр боламыз. Тек Нұрсұлтанда ғана емес, басқа қалаларда да көп балалары барлар осылай қиналады. Қызылордада да пәтер иесіне балаларды туыстарымыздың баласы деп алдап, тоғыз баламызды жасыратынбыз", - дейді Зейнеш.

Қазіргі таңда алатын жәрдемақысы тек пәтер төлеуге ғана жететін көрінеді. Алайда, келіншек мүмкіндік болса, өз үйімді үшін 140 мың төлеп тұрғым келеді дейді. Әбден қиындық көрген Зейнеш қыздарына көп бала тумаңдар деп кеңес беретін көрінеді.

"Мен қыздарымның көп балалы болғанын қаламаймын. Мен қажеті жоқ деп айтамын. Өйткені, көп балалы ана болсаң өзіңді ұмытып кетесің, өзіндік менің болмайды. Өмір бір рет беріледі. Сондықтан, сен өзіңді жақсы көруің керек", - деп қайырды көп балалы ана.

Талқылау