Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздарды бассейнге итеріп жіберген: Танымал бишімен болған төбелес қызу талқыға түсті

қырғызстан биші төбелес

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Бішкектегі Sheraton бес жұлдызды қонақүйінде болған төбелестің видеосы тарады. Бейнежазбадан Қырғызстанда танымал биші Жан Воиновтың да көрінгені байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қонақүйдің бақылау камералары қонақтар арасындағы қақтығысты жазып алған. Жанжал бассейн маңында басталып, оның барысында бір ер адам үш қызды суға лақтырып жібергені анық көрінеді. Кейін қақтығыс қонақүйдің фойесінде жалғасып, қыздар арасында төбелес орын алған. Оған ер адамдар да араласқан.

Басылым мәліметінше, жанжалға Жан Воиновтың әйелі Зарина Алмасова мен оның ағасы қатысқан. Сонымен қатар Воиновтың өзі де төбелеске араласып, адамдарды пышақпен қорқытты деген ақпарат тараған.

Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 30 маусым күні түнгі 01:00 шамасында болғанын хабарлады. Үш қыз полицияға шағым түсірген.

Келесі күні, 1 шілдеде, құқық қорғау органдары қыздарды суға итерген адамның кім екенін анықтап, 31 жастағы А.Р.-ны ұстап, бір айға қамауға алған. Кейін Жан Воиновтың екі оққағарының ұсталғаны белгілі болды.

Адвокат Шердор Абдыкапаровтың мәліметінше, іс бойынша тағы үш адам, соның ішінде Жан Воиновтың әйелі Зарина да қамауға алынуы керек.

"Оның екі кішкентай баласы бар екенін алға тартып, қамауға алмай отыр. Бірақ заң бойынша, оны кем дегенде уақытша ұстау изоляторына қамау керек еді, кейін сот санкциясын тағайындауға жіберу керек болатын", — деді адвокат.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 07 Шілде, 2025 19:19
Талқылау